COVID-19: G7 елдері шұғыл шаралар қабылдауға шақырды

COVID-19: G7 елдері шұғыл шаралар қабылдауға шақырды

«Үлкен жетілік» коронавирустың жаңа штамының таралуының алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы ұйымның денсаулық сақтау министрлерінің басқосуынан соң белгілі болды. Үлкен жетілік алдағы апталарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ақпарат алмасып, жаңа штамды бақылау үшін тығыз ынтымақтасуды көздеп отыр. Тараптар сондай-ақ вакцина жеткізуді күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Оңтүстік Африка республикасының әлем елдерін вирустың жаңа түрімен тез хабардар еткенін жоғары бағалады.