Испанияда әуе шары пилоттарының чемпионаты өтіп жатыр

Испанияда әуе шары пилоттарының чемпионаты өтіп жатыр

Испанияның оңтүстігінде әуе шарлары басқарушыларының арасында халықаралық чемпионат өтіп жатыр.

Осымен 22-ші рет ұйымдастырылып отырған корольдік кубогына Еуропаның әр елінен келген 25 спортшы қатысуда. Өткен күні ұшқыштар екі рет сайысқа түсті. Оның бірінде берілген нысанға дәл қону бойынша жарысса, екіншісінде 10 минут бұрын ұшырылған аппаратты қуып жетуі керек болды. Чемпионат әлі 2 күнге созылады.

Юрай Брезан, словакиялық спортшы:

– Мен тез ұшуға әрекет етемін. Бұл нысанаға қарай тура ұшуға кедергі келтіргенмен тиісті нүктеге дәл қонуға көмектесуі тиіс.