Филиппинде оқушылар екі жылдан кейін мектепке оралды 

Филиппинде оқушылар екі жылдан кейін мектепке оралды 

Филиппин астанасы – Манила қаласында бастауыш сынып оқушылары екі жылдан кейін қайтадан мектепте оқитын болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Әр сыныпта тек 15 бала оқиды. Парталар пластик қоршаумен бөлінген, ал арақашықтық бір метрден асады. Коронавирусты жұқтырып алмау үшін мұғалімдер мен оқушылар маска тағуы тиіс. Филиппин - әлем бойынша мектептерін қайта ашқан соңғы елдердің бірі. Бұл елдің білім ордаларында 27 миллион бала оқып жатыр. 

Аналин де Гусман, мұғалім:

– Әрине оқушылар сыныпта отырғанда, сабақ өткізу әлдеқайда жақсы. Балалардың сабақты түсінгенін көре аламыз. Көптеген мәселе жеңіл шешіледі, әсіресе бұл оқу мен жазуды үйретуге қатысты.