Корея Қазақстанға ақылды фермалар жөнінен кеңес берді

Корея Қазақстанмен ақылды фермалар салуда ынтымақтасуға дайын. Бұл туралы Корея-Орталық Азия достық қауымдастығының үшінші отырысында айтылды.

Онлайн форум ауыл шаруашылығына арналды. Мұнда Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің өкілдері қатысып, пікір алмасты.

Профессор Ли Ён Бомның айтуынша, Сеул мен Нұр-Сұлтанның агроөнеркәсіптік кешенде ынтымақтастық орнатуға мүмкіндіктері зор. Ол үшін Қазақстанда үлкен аумақ пен адам ресурстары болса, Кореяда жаңа технологиялар бар. Бұл ретте профессор Ли корей провинцияларында жұмыс күші жетіспейтінін атап өтті.

Ли Ен Бом, Сеул қалалық университетінің профессоры:

- Кореяның ауыл шаруашылығында 45 проценті 60 жастан асқан адамдар жұмыс істейді. Еуропада да жағдай сондай. Жастар ауыл шаруашылығында жұмыс істегісі келмейді. Ал Орталық Азияда жастар көп. Оларға ақылды фермаларда жұмыс істеуге болады. Жастар жаңа технологиялар мен үлкен деректермен таныстырылады. Бұл Орталық Азияда ақылды фермаларды дамытуға көмектеседі.