Германияның Канцлері сайланды

Германияның Канцлері сайланды

Германия Бундестагы, елдің жаңа канцлерін сайлады. Ангела Меркельдің орнына Социал-демократиялық партияның лидері Олаф Шольц келді.

Шольцтің кандидатурасын 395 депутат қолдаған. Үміткердің жеңіске жетуі үшін 369 дауыс қажет болған.

Негізі Германия конституциясына сәйкес, канцлерді ел парламенті сайлайды. Ал кейін оның кандидатурасын президент бекітеді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Олаф Шольцті Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Канцлері қызметіне кірісумен шын жүректен құттықтады.

Президент Германияның жаңадан сайланған Канлцері Олаф Шольцті құттықтады