Жапонияда автобус-пойыз пайда болды

Жапонияда автобус-пойыз пайда болды
vokrugsveta.ru

Автобус-пойыздар Токусима мен Коти префектуралары арасында жүре бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24» vokrugsveta.ru сілтеме жасап.

Олар тас жолда да, рельстерде де жүре алады. Режимдерді ауыстыру және автомобиль жолынан теміржол желісіне қайта құру үшін бар болғаны 15 секунд қажет.

Көліктің жаңа түрі – 23 жолаушыға дейін тасымалдауға қабілетті модификацияланған дизельді автобус. Жолда ол қарапайым автобус сияқты жүреді. Рельстерде қозғалу үшін керек уақытта пайда болатын темір дөңгелектері бар.

Ерекше көлік жапондық Asa Coast Railway компаниясына тиесілі. Қазір компанияда 123 шақырымдық бағытта жүретін үш автобус-пойыз бар.