Олаф Шольц Украина бойынша Норманд форматы туралы пікірін айтты

Олаф Шольц Украина бойынша Норманд форматы туралы пікірін айтты

Украиндағы шиеленісті реттеу үшін құрылған Норманд форматының жұмысы әрі қарай жалғасуы қажет. Германияның жаңа канцлері Олаф Шольц Еуроодақ басшыларымен кездесуде осылай деді.

Аталған формат аясында қол жеткізген нақты келісімдер бар және олар жүзеге асуы тиіс. Бұған дейін АҚШ президенті де Норманд форматының әрі қарай жалғасуын қолдайтынын айтқан. Келіссөздерді жандандыру қажет деген пікірмен Украина, Франция басшылары да келіскен.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

- Біздің Еуроодақ мықты әрі егемен болғанын қалаймыз. Демек, сыртқы саясатқа келгенде біздің стратегиямыз барынша тиімді болуы тиіс. Еуропаның қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде бізге нақты жетістіктер қажет. Ресей мен Украина шекарасындағы жағдайға қатты алаңдаушылық білдіреміз.