Ливанда атыстан 4 адам қаза тапты

Ливаның Сур қаласында палестиндік босқындар орналасқан лагерьде атыс болып, 4 адам ажал құшты. Тағы бірнеше кісі жарақат алған.

Оқ осының алдында жарылыстан қаза тапқан «Хамас» ұйымының сарбазын жерлеу рәсімінде атылған. Аталған топтың өкілдері атысты «Фатх» қозғалысы қасақана жасады деп айыптайды. Рейтер ақпарат агенттігі Ливандағы Палестина елшісіне қақтығысқа «Хамас» ұйымының қатысы бар-жоғын сұраған, бірақ оған әзірге ресми жауап берілген жоқ.