Оңтүстік Кореядағы химиялық зауытта жарылыс болды

Оңтүстік Кореядағы химиялық зауытта жарылыс болды
Ruposters

Оңтүстік Кореяның оңтүстігіндегі Чолла-Намдо провинциясында орналасқан химиялық зауытта жарылыс болды.

Салдарынан кем дегенде екі адам көз жұмған, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Агенттік мәліметінше, жарылыс Йосу қаласындағы химиялық зауытта болған. Әзірге себебі белгісіз.

Жарылыс болған жерде жеті адам жұмыс істеп жатқан. Қазір солардың бірі табылмай жатыр.

Yonhap хабарынша, жедел қызмет өртті сөндіруге кіріскен. Ал түтін 10 шақырым қашықтықтан да көрініп тұрғандығы айтылды.