Колорадо штатында дауылдан 50 мың адам жарықсыз қалды

Колорадо штатында дауылдан 50 мың адам жарықсыз қалды

АҚШ-тың Колорадо штатына алапат дауыл жетті. Жол бойында көліктер тежеліп, 50 мың тұрғын жарықсыз қалды.

Ал Денвер әуежайында 600-ден астам рейс сапарын кейінге қалдырды. Ағаштар құлап, ондаған ғимаратқа зақым келген. Мамандар желдің екпіні сағатына 161 шақырымға дейін жеткенін айтады. Әзірге апаттан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.