Түркияда дәрігерлер ереуілге шықты

Түркияда дәрігерлер ереуілге шықты

Ыстамбұлда осы елдегі медицина қызметкерлерінің 5 бірдей ірі кәсіподағы бас көтерді. Бұл ұйымдардың 250 мыңнан астам мүшесі бар.

Олар жалақының аздығына және нашар еңбек жағдайына наразы. Ереуілшілер қиын кезеңде әрекетсіз отырған Үкіметтің тарауын талап еткен. Кейбір белсенділер қолына «Біз мал емеспіз» деп жазылған қағаз ұстап шықты. Ыстамбұлдағы қарсылық акциясына 81 провинциядағы медицина қызметкерлері де қосылды. Қазір бұл елде коронавирустан күніне орташа алғанда 180 адам көз жұмады. 6 адам омикрон жұқтырған. Түркияда медицина қызметкерлеріне де қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолданатындар да бар. Соңғы 11 жылда 100 мыңнан астам дәрігер зәбір көріп, 10-ы науқастардың қолынан ажал құшқан.

- Біз жұмысымызды абыроймен атқарғымыз келеді. Бұл үшін лайықты жағдай жасалса екен. Бірінші кезекте, медицина қызметкерлеріне күш көрсетуге қарсы заң қабылдау қажет. Зорлық-зомбылықтан көз ашпай келеміз. Әбден қажыдық.