Ең кәрі жабайы құс 70 жасқа толды

Ең кәрі жабайы құс 70 жасқа толды
Vokrugsveta.ru

Ең кәрі Уиздом атты жабайы құс 70 жасқа толды, деп хабарлайды «Хабар 24» Vokrugsveta.ru сілтеме жасап.

Альбатростың аналығы осыдан 65 жыл бұрын сақиналанған. Ол кезде Уиздом шамамен бес жаста болды.

Осы жылы ол қайтадан Мидуэй ұлттық жабайы табиғат қорығына ұшып келген. Өзінің серігі Акеакамаймен бірге ол жыл сайын ұя салу кезеңінде осында қонады. Ғалымдардың пікірінше, Уиздом жалпы 30-36 балапан шығарған.

Әдетте, альбатрос аналығы желтоқсан айында бір жұмыртқа салады. Алайда мамандар бұл жолы Уиздомның ұясын таппады. Құс Тынық мұхитының солтүстігінде мекендейтін қара түсті альбатросс (Phoebastria immutabilis) түріне жатады. Ол жыл сайын Гавайдің солтүстік-батысындағы Мидуэй атоллындағы ұлттық қорыққа оралады. Алғаш рет оған 1956 жылы американдық биолог Чандлер Роббинс назар аударған.