Аргентинада вирус жұқтыру шарықтау шегіне жетті

Аргентинада вирус жұқтыру шарықтау шегіне жетті
RT

Аргентинада бір күнде ковид жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ресми мәлімет бойынша науқастар саны 42 мыңнан асқан. Соңғы рет 41 мың адам коронавирусқа шалдыққан антирекорд мамыр айында тіркелген болатын. Денсаулық сақтау министрлігі індеттен 26 тұрғынның көз жұмғанын хабарлады. Аргентина онсыз да өлім-жітім деңгейі ең жоғары елдер санатында болатын. Сарапшылар ковидтің өршуінеЖаңа жыл мерекесі алдында барыс-келістің көбеюі және санитарлық шаралардың сақталмауы басты себеп дейді.