Германия балаларға вакцинаның үшінші дозасын салады

Германия балаларға вакцинаның үшінші дозасын салады

Берлинде жасөспірімдерге екпенің қос компонентін алған соң бустерлі дозаны 3 айдан кейін салуға рұқсат берілді.

Бұған дейін вакциналау бойынша комиссия ересектерге де оның мерзімін қысқартқан болатын. Билік мұндай шешімді елде коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында қабылдаған. Дәрігерлер вакцина салдырғандар қатары көбейсе, бесінші толқын жеңіл өтеді деп отыр. Елде вирусты жұқтырғандар саны азайғанымен омикрон тарала бастаған. Қазірге дейін вирустың бұл түрі 12 мың адамнан анықталды. Бірақ дәрігерлер омикронды жұқтырғандар ресми деректен көп болуы мүмкін деп отыр. Берлинде локдаун енгізілуі мүмкін. Үкімет басшысы мәселені қаңтардың 7-сі күні аймақ басшыларымен талқылап жаңа шешім қабылдауға ниетті.

Карл Лаутербах, Германия денсаулық сақтау министрі:

- Бізде вирусты жұқтырғандар саны ресми тіркелгендерден 2-3 есе артық болуы мүкін. Омикронға шалдыққандар қарасы да қалың. соныдқтан дерт дендеп кетпеу үшін мерекде барынша сақ болуға шақырамын.