АҚШ-та ковидпен ауруханаға түсіп жатқан бала саны артты

АҚШ-та ковидпен ауруханаға түсіп жатқан бала саны артты

Америкада ковид індетімен ауруханаға түсіп жатқан балалардың саны артты.

Педиатрлар бүлдіршіндердің саны өткен аптамен салыстырғанда 58 процентке өскен деп отыр. Сондай-ақ кейбір ауруханалардағы науқастардың жартысына жуығы кәмелетке толмағандар.

Сарапшылардың айтуынша, олардың дені вакцина алмаған балалар. Омикроннан сақтану үшін вакцинаның қос дозасынан бөлек бустерлі дозасын алу да аса маңызды дейді мамандар. Ал ол әзірге 18 жастан асқандарға ғана алуға рұқсат етілген. Сол себепті АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы келесі аптадан бастап бустерлі дозаны балалар үшін қолжетімді етуді қарастырмақ. АҚШ-тағы 5-11 жас аралығындағы балалардың 14 проценті ғана толық вакцина алған.

Меган Рани, педиатр:

- Балалар жақында мектептеріне қайта оралады. Демек, эпидахуалға әсер етері сөзсіз. Ал вакциналану және бустер екпесін алу олардың қауіпсіз ортада оқуларына көмектеседі. Сол себепті балалар үшін бустерді қолжетімді ету өте маңызды. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызға вакцина салуға кедергі болмаңыздар және маска тағуды да ұмытпаңыздар.