Бейжің олимпиадасына барғандар роботтың қолынан дәм татады   

Бейжің олимпиадасына барғандар роботтың қолынан дәм татады   

Қытай астанасында қысқы Олимпиаға қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Бейжіңдегі жарыстар пандемияға байланысты қатаң сақтықпен өтпек. Вирус жұқтырмау үшін ас-суды роботтар әзірлеп, таратады. Жаңа тәжірибе Бейжіңге алғашқылардың қатарында келген ақпарат қызметкерлеріне қолданылып, сынақтан сәтті өтті. Медиа орталықта толық роботтандырылған дәмхана ашылды. Барлық тамақ тұтынушылардың көз алдында дайындалады.