456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Олимпиада ойындары өтетін Бейжіңде омикрон тіркелді

  • 161
  • UPD: 20:13, 16.01.2022
Олимпиада ойындары өтетін Бейжіңде омикрон тіркелді

Қысқы олимпиада ойындарының басталуына 3 аптадан аз уақыт қалғанда Бейжіңде омикрон жұқтырудың алғашқы дерегі анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ер адамның штамды қайдан жұқтырғаны белгісіз. Өйткені ол кейінгі екі аптада ешқайда бармаған екен. Яғни қалада болған. Қазір ер адам тұратын және жұмыс істейтін аудан оқушауланды. Жуырда Қытай билігі омикронға байланысты бірнеше қаланы жауып тастаған. Мәселен, 2 адамның жаңа штамды жұқтырғаны белгілі бола салысымен, 5 жарым миллион халқы бар Аньян шаһарында локдаун жарияланды. Тұрғындарға себепсіз үйден шығуға тыйым салынды. Ал бұған дейін 14 миллион халқы бар Тяньцзиньде де осыған ұқсас шаралар қабылданған.         

Панг Синьхуо, Бейжің ауруларды бақылау және алдын алу орталығы директорының орынбасары:

– Бейжіңде омикронның алғашқы дерегі расталды. Әзірге бізде науқастың вирусты қайдан жұқтырғаны туралы ақпарат жоқ. Онымен қарым-қатынаста болғандарды тексеріп жатырмыз. 2 жарым мың адам ПТР-тест тапсырды. Бұл ер адамның көршілері мен әріптестері.

Айта кеткен жөн, Қытайда бүгінде тұрғындардың 85 проценті коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын өткен. Яғни препараттың қажетті екі дозасын 1 миллиард 200 миллионнан аса адам салдырған.

Хабар 24 телеарнасы