Лондон тұрғындары көлік жүргізгені үшін ақы төлеуі мүмкін

Лондон тұрғындары көлік жүргізгені үшін ақы төлеуі мүмкін
BBC

Лондон мэрі Садик Хан көмірқышқыл газының бөлінуін азайту және ауа сапасын жақсарту мақсатында қалада көлік жүргізу ақысын енгізуді ұсынды.

Мэр ауаның ластануын әлеуметтік әділеттілік мәселесі деп санайды. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

«Климат дағдарысының салдарынан алдымен көлігі жоқ кедей лондондықтар зардап шегеді», – деп түсіндірді саясаткер.

Хан Transport for London ұйымына (TfL) жол тарифтері жүйесін әзірлеуді тапсырды. Бұл сома қашықтыққа, уақытқа және жерге байланысты болады деп жоспарлануда.

Мұндай бағдарламаны іске қосу көп уақытты қажет етеді, ал қазіргі мэрдің екінші мерзімі 2024 жылдың мамыр айында аяқталады. Сондықтан саясаткер жуық арада жүргізушілерден уақытша алым алу тәсілдері де қаралатынын айтты.