Араб коалициясы Йемендегі түрмені әуеден соққылады

Араб коалициясы Йемендегі түрмені әуеден соққылады

Йеменде араб коалициясы түрмені әуеден атқылап, 60-тан аса адам қаза тапты. 100-ден астамы жарақат алған.

Бұл кезде абақтыда 2 жарым мыңға жуық адам болған. Таяуда ғана Йемендегі көтерілісші хуситтер Біріккен Араб Әмірліктерінде жарылыс жасаған еді. Мынау соған өшіккендер болуы мүмкін. Яғни араб коалициясы Йеменде көтереілісшілер жасырынған орындарды әуеден соққылап жатыр. Негізі елде 2014 жылдан бері үкімет әскері мен хуситтер арасында атыс тоқтамай келеді. Әскерилерді араб коалициясы қолдайды.