Қытайда Олимпиада қонақтарына роботтар қызмет көрсетеді

Қытайда Олимпиада қонақтарына роботтар қызмет көрсетеді

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарына келген қонақтарға роботтар қызмет етеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Құлтемірлер қонақүйде жайғасқан меймандарға ас-суын  жеткізетін болады. Қызметтің бұл түрі аймақта коронавирус індетінің таралмауы үшін ұйымдастырылған. Өз-өзін басқаратын роботтар кез келген тапсырысты бөлмеге дейін жеткізіп бере алатын болады.

Естеріңізге салайық, Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-інен 20-сына дейін жалғаспақ. Жарыстар Бейжің шаһарынан бөлек, Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да өтеді. Жалпы саны 109 медаль сарапқа салынған додада қатысушылар көптеген спорт түрлері бойынша бақ сынайды.