Австрия халқы міндетті вакциналауға қарсы

Австрия халқы міндетті вакциналауға қарсы

Австрияның Вена қаласында коронавирустық шектеулерге қатысты халықтың ереуілі өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Хельденплац алаңына 10 мыңға жуық адам жиналған. Австрия туын ұстап шыққан наразылар биліктің міндетті вакцина қабылдау керек деген талабына қарсылығын білдірді. Үкіметтің қабылдаған жаңа ережесіне сай наурыздың 15-інен кейін ковидке қарсы егілмеген 18 жастан асқан кез келген азаматқа «әкімшілік құқық бұзушылыққа барды» деген айып тағылмақ.

Иә, вакцина қабылдамағандардың барлығы өмірлерін қауіпке төндірген шығар. Алайда бұл әр адамның өз еркінде. Әр ісімізге өзіміз жауаптымыз.