Боливияда автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

Боливияда автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты
Хабар 24

Боливияның Кочабамба департаментінде жолаушылар автобусы таулы жолдан құлап, 11 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті Correo del Sur радиосы хабарлады.

Автобуста «Ками майнинг» компаниясының қызметкерлері болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі де бар. Қазір құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.