Бразилияда су тасқынынан 18 адам қаза тапты

Бразилияның Сан-Паулу штатын су басты. Кейбір жерлерде тасқын соңы лай көшкініне ұласқан. Табиғи апат салдарынан 18 адам ажал құшты.

Құрбандар арасында 7 бала бар. Тағы 9 кісі жарақат алып, бесеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Аймақ бойынша 500-дей отбасының үйін су шайып, баспанасыз қалған. Штат губернаторы елді мекендерді тікұшақпен аралап жүр. Ол бюджеттен 3 миллион доллар қаржылай көмек бөлінетінін мәлімдеді. Бразилияның солтүстік-шығысында жауын-шашын өткен жылдың желтоқсанынан бастап толастамай тұр. Нөсер жаңбыр ауыл шаруашылығы мен кен жұмыстарына да кедергі келтіріп отыр.