Чехияда карантинге қарсы наразылық шарасы өтті

Чехияда карантинге қарсы наразылық шарасы өтті

Чехияда карантиндік шектеулерге қарсы наразылық шарасы өтті. Праганың орталық алаңына жиналған 3 мыңға жуық адам үкіметтен шектеулерді алып тастауды талап етіп жатыр.

Чехияда соңғы апталарда індет қайта өршіген. Өткен сейсенбі күні вирусты 50 мың адам жұқтырып алды. Билік халықтың наразылығын басу үшін жақында кейбір маман иелері мен жасы 60-тан асқан қарттарға вакцинаны міндеттеу туралы заңның күшін жойған еді. Бірақ мейрамхана мен түнгі клубтарға кіру үшін екпе мен ПТР-тесттің теріс нәтижесі қажет. 

Зузана Возабова, шеруші:

- Үкімет халықтың талабына құлақ асып, шектеулерді жеңілдету керек. Емін-еркін жүріп тұруға мүмкіндік берсін. Әбден мезі болдық.