Данияда «Малик» дауылынан 4 адам қаза тапты

Данияда «Малик» дауылынан 4 адам қаза тапты

Еуропаның солтүстігінде «Малик» дауылы соғып, 4 адам опат болды.

Данияда дүлей желмен қатар жауған жаңбырдан көп елді мекенді су басып, бірқатар көпір жабылды. Оның ішінде Копенгаген мен Мальмё қаласын байланыстыратын басты көлік және теміржол өткелі бар. Дауыл талдар мен бағаналарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Мыңдаған адам жарықсыз қалды. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.