Кенияда жарылыстан 13 адам ажал құшты

Кенияның солтүстік-шығысында жарылыс болып, 13 адам ажал құшты.

Сомали шекарасына жақын тас жолда жарылғыш құрылғы іске қосылған. Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер құрбандар қатары артуы мүмкін дейді. Себебі ауыр жарақат алғандар көп. Билік шабуылды атышулы лаңкестік ұйым «Аш-Шабаб» содырлары жасады деп күдіктенеді. Тергеу амалдары басталды.

Роно Буней, аймақтық полиция басшысы:

– Автобус Сомалимен шекаралас аймақтағы Мандераға бара жатқан. Қалаға 8 шақырым қалғанда жарылыс болды. Жақын маңдағы полиция қызметкерлері шұғыл көмекке келген.