ОАР-да коронавирус жұққандар карантинге жатқызылмайды

ОАР-да коронавирус жұққандар карантинге жатқызылмайды
blogspot.com

Оңтүстік Африка Республикасы бұдан былай коронавирус жұқтырған азаматтарды карантинге жатқызбайтын болды.

Үкімет жуырда осындай шешім қабылдады. Дәлірек айтқанда, жаңа қаулы бойынша ПТР-тест анықтамасы оң нәтиже көрсеткен, бірақ ауру белгілері анық байқалмайтын ел азаматтары енді оқшаулануға міндетті емес. Науқаспен байланыста болғандар да дәл солай. Десе де, ауру белгілері бар тұрғындар 7 күн үйден шықпауға тиіс. Ел үкіметінің мұндай шешім шығаруына коронавирусқа қарсы тұрақты иммунитет қалыптасқан азаматтар санының артуы себеп болған.