Су астында билеген арыстан

Малайзиялықтар осыны қызықтап Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жылды қарсы алады. 

Жыл сайын мереке кезінде орындалатын бұл би дәстүрге айналған. Алайда былтыр коронавирус салдарынан шара өтпеген еді. Сондықтан бұл жолы оны тамашалау үшін кісі көп жиылды. Мифтік кейіпкерлердің костюмін киген адамдардың биін тамашалаудан бөлек мереке кезінде малайзиялықтар ғибадатханаға және туған-туыстарының үйіне қонаққа барады.