2020 жылғы локдаунның тигізген пайдасы аз болды

2020 жылғы локдаунның тигізген пайдасы аз болды

2020 жылдың көктемінде коронавирус өрши түскенде локдаун енгізудің өлім көрсеткішінің төмендеуіне әсері шамалы болды.

Джон Хопкинс университеті сарапшыларының жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай. Олардың айтуынша 2 жыл бұрын АҚШ пен Еуропада енгізілген локдаун нәтижесінде өлім көрсеткіші небәрі 0,2 процентке ғана төмендеген. Ал шараның экономикаға келтірген шығыны орасан зор. Мәселен, әлемде жұмыссыздық деңгейі артып, білім сапасы төмендеді, тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді. Сондықтан сарапшылар локдаунның пайдасы мен зиянын салыстыра отырып, шара өзінің тиімділігін көрсете алмады деген қорытынды жасаған. Мамандар бұдан гөрі адам өзін өзі оқшаулағаны жөн дейді. Бұл жағдайда коронавирусқа қатысты кісі өлімі 2,9 процентке төмендейді. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері шектеу шараларын алып тастауға әлі ерте дейді. Өйткені кей елдерде вакциналау деңгейі төмен.