Борис Джонсон мен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Украина төңірегіндегі жағдайды талқылап, шиеленіс ешкімге пайда әкелмейтінін сөз етті. Ұлыбритания үкімет басшысы мәселені келіссөз арқылы шешуге шақырды. Бірақ Джонсон Мәскеудің НАТО-ның өз күштерін шығысқа қарай ұлғайтуына қатысты сынына "ұйымға кез келген еуропалық мемлекет мүше болуға құқылы" деп жауап қатты. Ал сарапшылар Украина төңірегіндегі шиеленіс көпке бармайды деп отыр.

Андрей Кортунов, Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңесінің басшысы:

- Бұл дағдарыс көпке созылмайтын шығар. Себебі Ресейдің Украина шекарасы маңында әскерін ұзақ уақыт ұстап тұруы мүмкін емес. Мәселе таяуда болмаса да алдағы айларда шешіледі деп ойлаймын.