Мадагаскар аралында тропикалық дауылдан 10 адам қаза тапты

Мадагаскар аралында тропикалық дауылдан 10 адам қаза тапты

 

Мадагаскар аралында «Бацирай» тропикалық дауылынан 10 адам мерт болып, тағы 50 мыңнан астам тұрғын баспанасынан айырылды.

Құтқарушылар жапа шеккендердің қатары әлі де артауы мүмкін дейді. Долы дауылдан аралда су тасқыны басталған. Кей өңірлерлерде жел екпіні сағатына 235 шақырымға дейін жетті. Салдарынан электр желілер үзіліп, инфрақұрылымның тас талқаны шыққан. Кей қалаларда ғимараттардың 95 проценті қирап қалған.

Құтқарушылар 150 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді. Эвакуацияланғандар мектептер мен шіркеулерде орналасуда. Метеорологиялық қызмет циклонның күші бәсеңдегенмен, кей өңірлерге әлі де қауіп төніп тұр дейді.

Қазір Мадагаскар билігі халықаралық ұйымдардан гуманитарлық көмек сұрап жатыр.