Мексикада шетелдік туристер мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты

Мексикада шетелдік туристер мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты
korrespondent.net

Мексиканың оңтүстік-шығысындағы Квинтана-Роо штатында туристер мінген автобус жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Апат салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 15-тен астам адам зардап шекті.

Қатты соққыдан 45 шетелдік жолаушысы бар автобус аударылып қалған. Олардың көбі қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды.

Зардап шеккендер Канкун және Плая-дель-Кармен қалаларының ауруханаларына жеткізілді.