Путин мен Макронның кездесуі алты сағатқа созылды

Путин мен Макронның кездесуі алты сағатқа созылды

Мәскеу барлық тарапқа ұнайтын мәміле жолын табуға барын салуға дайын. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин француз басшысы Эммануэль Макронмен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Путин Украинаға қатысты жағдайды реттеуге атсалысқаны үшін Макронға алғыс білдірді. Ресей президенті басқыншылық жасау туралы әңгіменің ақылға сыйматынын айтып, ақталды.

Владимир Путин, Ресей президенті:

– Дәл қазір Вашингтон мен Брюссельдің сұрақтарына жауап ретінде құжат әзірлеп жатырмыз. Бұл құжатта талқылайтын дүние жетіп-артылады.

Макрон алдағы күндер қақтығыс жағдайын реттеуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Оның ойынша, тараптарда Еуропа үшін бейбіт жолды табу үшін уақыт пен мүмкіндік мол. Француз президенті қауіпсіздікке қол жеткізу үшін бірге жұмыс істеу керек деп есептейді. Путин мен Макронның кездесуі 6 сағатқа созылды.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Қақтығысты жағдайды реттеу үшін негізгі мәселелер бойынша мәмілеге келуіміз қажет. Біз ұзақ әңгімелестік. Енді Еуропада қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жаңа тәртібін орнату үшін бірлесе жұмыс істеуге ерік-жігер танытқанымыз жөн.