Сомалиде құрғақшылықтан 4 млн астам адам зардап шегіп отыр

Сомалиде құрғақшылықтан 4 млн астам адам зардап шегіп отыр

Сомалидегі алапат құрғақшылықтан 4 жарым миллионға жуық адам зардап шегіп отыр.

Бұл туралы БҰҰ өкілдері хабарлайды. Айтуларынша, табиғат апаты салдарынан 271 мың тұрғын су, тамақ пен мал жайылымдарын іздеп, үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен. Мұның үстіне су тапшылығына байланысты мұнда жұқпалы аурулардың өршіп кету қаупі төніп тұр. Бұл ретте БҰҰ Сомалиге көмекке 25 миллион доллар жинаған. Алайда осы ақшаның өзі жеткіліксіз. Сондықтан сарапшылар әлемдік қауымдастықтан жәрдем сұрайды. Көрші Эфиопия елінде де 4 миллион адам қуаңшылық зардабын тартып отыр.

ЮНИСЕФ өкілдерінің хабарлауынша, жергілікті халыққа шұғыл көмекке 31 миллион доллар қажет.

Шон Хьюз, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі:

- Эфиопияда қазір екі үлкен проблема бар. Солтүстік өңірлерінде қарулы қақтығыстар толастамай тұрса, оңтүстігін қуаңшылық жайлады. Салдарынан аталған аймақ халқы үй-жайын тастап, өзге жерге қоныс аударуға мәжбүр. Кейінгі 10 жылда босқындар саны 3 есе артып, 4 миллионға жетті.