Әлем халқының 50% вакцина салдырды

Әлем халқының 50% вакцина салдырды

Бүгінде әлем халқының тең жартысы коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен.

Алайда табыс деңгейі төмен елдерде екпенің ең болмағанда бір дозасын қабылдағандардың үлесі небәрі 10 процент шамасында ғана. Осы ретте сарапшылар препаратты бөлуде теңсіздік мәселесі әлі жойылмағанын айтады. Өйткені, Еуропада иммундау көрсеткіші жоғары болса, Африка елдерінде тұрғындардың 11 проценті ғана екпенің екі дозасын алған екен.