Испанияда 30 жыл бұрын су басқан ауыл қайта пайда болды

Испанияда 30 жыл бұрын су басқан ауыл қайта пайда болды

Испанияда 30 жыл бұрын су басқан ауыл қайта пайда болды. Оған қуаңшылық себеп.

Оқиға Галисия өңірінде болған. 1992 жылы мұнда су электр стансасының құрылысы басталып, Асередо ауылын су басқан. Онда тұрып жатқан 100-ден аса адамға өтемақы төленіп, барлығы өзге өңірлерге көшірілген. Бірақ кейінгі уақытта құрғақшылық салдарынан бөгеттегі су тартылып, ауыл қайта көріне бастады. Мұны өз көзімен көру үшін өзге аймақтардан туристер ағылып жатыр. Өйткені 30 жыл бойы су астында болғанына қарамастан, құрылыстың көбі жақсы сақталып қалған екен.