АҚШ-та екпе алмаған 3000 қызметкер жұмыстан шығарылады

АҚШ-та екпе алмаған 3000 қызметкер жұмыстан шығарылады

 

Нью-Йоркте 3 мыңға жуық қызметкер жұмыссыз қалатын болды. Өйткені оларға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға берілген уақыт аяқталды. Бірақ олар белгіленген күнге дейін екпе қабылдамаған. Арасында өрт сөндірушілер, мұғалімдер мен полицейлер көп.

Қалада муниципалдық қызметкерлерге қатысты міндетті вакциналау талабы былтыр желтоқсанда енгізілген. Алайда бұған қарсы тұрғындардың ереуілі әлі күнге дейін басылмай келеді.

Эндрю Ансбро, Нью-Йорк өрт сөндірушілері кәсіподағының президенті:

– Міндетті вакциналау өрт сөндірушілерге де қатысты. Олар өмірін қатерге тігіп, қаншама адамды құтқарып қалды. Көбі жұмыста жүріп, коронавирус жұқтырған. Яғни оларда індетке қарсы иммунитет пайда болды деуге келеді. Алайда билік мұны ескеріп жатқан жоқ.

Эрик Адамс, Нью-Йорк Мэрі:

– Біз бұл адамдарды жұмыстан қуып жатқан жоқпыз. Оларға басында вакцина салдыру керектігі туралы айтылған болатын. Талапқа бағынғысы келмесе, өз еркі. Бұл ереже менің алдымдағы мэр кезінде қабылданып қойған.