Перу астанасы маңынан 13 мумия табылды

Перу астанасы маңынан 13 мумия табылды

Перу археологтары жер асты қабірінен 13 мумия тапты. Қазба жұмыстары барысында олардың алтауы бала екені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олжа Перу астанасы Лимадан 16 шақырым қашықтықта орналасқан Кахамаркилье қазба алаңында табылды. Зерттеушілердің пікірінше, мумияланған адамдар шамамен 1000 жыл бұрын жерленген көрінеді. Бір қызығы, мәйіттер матаға оралынып, бір-бірімен арқан арқылы байланған. Сарапшылар олар инктерге дейінгі өркениеттердің рәсімі бойынша жерленуі мүмкін деген болжам келтіреді.

Йомира Хуаман, археолог:

– Мумиялардың дәл осы жерге жерленгеніне не себеп болғаны белгісіз. Бұл аймақ инк империясына дейін дамыған мәдениеттердің археологиялық ескерткіші. Сондықтан біз медициналық және басқа тәсілдер арқылы зерттеу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмыз.