Британия ғалымдары жұмсауға қолайлы роботтарды ойлап тапты

Британия ғалымдары жұмсауға қолайлы роботтарды ойлап тапты

Ұлыбританияда сауда жасауға көмектесетін робот пайда болды. Ол дүкенде адамдардың соңынан еріп, жүгін тасиды. Егер адам шаршаса, құлтемірді орындық ретінде де қолдана алады. Өнертапқыштар бұл әсіресе қарт кісілерге үлкен көмек болатынын айтады.

Кэрол Хартшорн, зейнеткер:

- Бұл керемет қой. Сауда жасағанда сөмкелерді арқалап жүруден-ақ шаршайсың. Ал мынадай көмекшің болса, жүктеріңді тиеп қойып, емін-еркін жүре бересің. Бұл роботтың үстіне отыруға да болады.

Астық сапасын тексеретін робот

Осы британдық ғалымдар адам өмірін жеңілдетуге арналған тағы бір робот түрін ойлап тапқан. Ол астық сапасын тексереді. Бұған дейін бұл іспен мамандар айналысатын. Бірақ ол көп уақытты алады. Енді аппарат астық сақталатын жердегі ылғалдылық деңгейін тексеріп, зиянкестердің көзін жояды.