Таиландта маймыл сатпақ болғандардың жолы кесілді

Таиландта маймыл сатпақ болғандардың жолы кесілді

Таиландта қараусыз қалған үйлердің бірінен ондаған маймыл табылды. Бәзбіреулер оларды қаптар мен пластик контейнерлерге салып қойған екен.

Полицейлердің пайымдауынша, қаскөйлер приматтарды шетелдегі мейрамханаларға заңсыз сатуды жоспарласа керек. Таиландта жануарларға қатыгездік көрсету үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы мен аса ірі көлемдегі айыппұл қарастырылған. Жалпы сарапшылар пандемияға байланысты жануарлар контрабандасы азайғанын айтады. Алайда кейінгі уақытта шекаралар біртіндеп ашылып, заңсыз сауда жандана бастады.