Австралияға туристер бара бастады

Австралияға туристер бара бастады

Бүгіннен бастап Австралияға туристер бара бастады. Жергілікті билік санитарлық шектеулерді жеңілдетіп, шекараны ашқан.

Осылайша Сидней қаласындағы халықаралық әуежайға туристер отырған алғашқы ұшақ қонды. 

Айта кетейік, елде карантиндік шектеу шаралары еңгізілгеннен бері аймаққа екі жыл бойы саяхатшылар аяқ баспаған еді. Енді ереже бойынша шетелден келген меймандар толық егілуі тиіс. Билік өкілдері бұдан былай аймақтағы туризм саласына қайта қан жүгіртіп, ел экономикасын жандандырмақ ниетте. Жақын арада саяхатшылар Мельбурн мен Брисбен әуежайына да қонуы тиіс.

Питер Бейлисс, канадалық турист:

- Өзім Канадада тұрсам да әке-шешем осында. Ковид пандемиясы басталғалы Австралияға келмегенімен 2 жылдан асты. Туғандарыммен қайта қауышқаныма өте қуаныштымын.