Гонконгта вирус жұққан науқастар аурухананың ауласына орналастырылған

Гонконг ауруханаларындағы жағдай дәрігерлердің наразылығын туғызып жатыр.

Себебі соңғы апталарларда коронавирус індетінің өршуінен емдеу орындарында төсек орындар жетіспей, науқастар аулаларға орналастырылған. Көлік тұрақтары да дала госпиталіне айналған. Дәрігерлер өңірде бір де бір аурухана мұндай төтенше жағдайға дайын болмай шықты деп, билікті айыптап жатыр. Ал сарапшылар ахуалдың бұлай ушығуына жергілікті үкіметтің тұрғындарға ауру белгісі байқалған бойда дәрігерлерге қаралуға кеңес беруі себеп деп отыр. Салдарынан ауруханаларда науқастар саны күрт артқан.