АҚШ-та бензин бағасы шарықтады

АҚШ-та бензин бағасы шарықтады

АҚШ-та тағы да бензин қымбаттады.

Бірнеше жылдан бері болмаған өсім негізінен елдің батыс штаттарында байқалады. Мәселен, Сан-Диегодағы шамамен 4 литр бензиннің бағасы 5 долларға дейін жеткен. Бұл қала тарихында болмаған рекордтық көрсеткіш дейді мамандар. Олардың айтуынша бағаның бұлай шарықтауына Ресей-Украина қақтығысынан бастап, 40 жылда болмаған жоғары инфляция да әсер етуде. Осыған байланысты нарықтағы баға тұрақталғанша бензинге салынатын салықты уақытша тоқтату керек деген пікірлер де айтылып жатыр. Ал сала мамандарының айтуынша жанармай құю бекеттеріндегі баға алдағы күндері бұдан да өсуі мүмкін.