БҰҰ бас хатшысы Донбасстағы қақтығысты реттеуге шақырды

Украина аумағындағы жанжал қазір әлемдік қауымдастықтың жіті назарында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылай деген Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы қақтығысқа қатысы бар тараптарды оқ атуды тез арада тоқтатуға шақырды. Антониу Гутерриш, әсіресе, соңғы күндері атыс-шабыстың жиілеп кеткеніне алаңдаулы екенін білдірді. Бұдан басқа, ол Донбасстағы ресейлік сарбаздар бітімгер күш ретінде саналмайтынын ашық айтты.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Біз Украина халқын өзіміздің гуманитарлық операцияларымыз бен адам құқықтарын қолдауға арналған іс-қимылдарымыз арқылы қолдай бермекпіз. Осы сындарлы сәтте оқ атуды дереу тоқтатуға және заң үстемдігін қалпына келтіруге шақырамын. Бізге дәл қазір ұстамдылық, суық ақыл және жанжалды реттеу ауадай қажет.