Ресей Украинада әскери операция бастады 

Бүгін таңғы сағат бесте Владимир Путин Украинада әскери операция басталғанын жариялады.

Айтуынша, ол осы шешімді өзін өзі жариялаған Донецк халық республикасы және Луганск халық республикасының өтіншінен кейін қабылдаған. Осыдан кейін бірден Киев пен Харьковті қоса Украинаның бірқатар қалаларында жарылыстар естіліп жатқаны туралы хабар түсе бастады. Біз Ресейдің Луганск аймағымен шекарасынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Дондағы Ростов қаласына келгенімізге бірнеше күн болды. Осыдан үш күн бұрын Қытай орталық телеарнасында істейтін әріптестеріміз шекараға барып қайтқан. Сонда олар ресейлік әскери техника керуендерінің өзін өзі жариялаған Луганск халық республикасымен шекарасына қарай қозғалып жатқанын көрген. Біз кеше күндіз Успенка шекаралық өткелінде болдық. Бұл Дондағы Ростов пен Луганск арасындағы ең жақын елді мекен. Сонда байқағанамыз, Ресей әскері шекараны осыдан бірнеше күн бұрын өткен. Соңғы мәліметтер бойынша Донецк халық республикасы қолдағы бар қаруын қолданып, Украинаның әскери бекіністеріне соққы жасап отыр. Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Украинаның бейбіт тұрғындарына төнген қатер жоқ, дәлдігі жоғары зақымдау құралдары әскери инфрақұрылымды жойып жатыр. Яғни Украинаның әуе шабуылдарынан қорғану нысандары, әскери аэродромдаыр мен авиациясына қарсы соққы жасалып жатыр.  

- Ресей шекарасындағы жағдай қандай?

Дана Нұржан, тілші:

- Украинамен шекаралас Ресейдің бірнеше облысында азамат ұшақтарына қатынауға тыйым салынды. Кейбір мәліметтерге қарағанда әуе кеңістігі 2 наурызға, ал өзге деректер бойынша мамыр айына дейін жабылған. Краснодар өлкесі, Астрахань, Волгоград, Воронеж, Белгород, Орел және Брянск облыстарындағы 12 әуежай ұшақтарды қабылдамай отыр. Біз шекара маңында қалып, жағдай қалай өрбитінін бақылап тұрамыз.