Украиналық босқындарға байланысты Словакияда төтенше жағдай жарияланды

Украинадан жаппай ағылған босқындар легіне байланысты Словакия елде төтенше жағдай режимін жариялады. Бұл туралы үкімет өкілдері хабарлады.

Қазір шетелден келген азаматтар уақытша баспаналарға орналасып, медициналық көмек алып жатыр. Біріккен Ұлттар ұйымының дерегі бойынша, Украинадағы ахуал ушыққалы көрші елдерге 120 мың адам кеткен.

Қазір шекарадағы бекеттерде ұзын-сонар кезек.