Түркияда жанармай бағасы күрт қымбаттады

Түркияда жанармай бағасы күрт қымбаттады

Түркияда жанармай күрт қымбаттады. Бензиннің литрі 506 теңгеден 560 теңгеге көтерілді.

Бір күн бұрын жанармай бекеттерінде 517 теңгеден сатылған дизель отыны 568 теңгеге саудаланып жатыр. Бұған Украинадағы жағдайда мұнай бағасының өсуі мен доллардың қымбаттауы себеп. Осыған байланысты кеше түн жарымға дейін ел тұрғындары жанармай бекеттеріне бет алып, көгілдір отын алуға тырысты.

Местафа Бичер, тұрғын:

– Өткен жылы 7 лирадан сатылған бензиннің құны қазір 17 лира. Бағаның үздіксіз артуы алаңдатпай қоймайды. Жеке көлікпен жұмысқа немесе басқа жерлерге барып келудің өзі қажеттілік емес, артықшылыққа айналды. Бұған дейін инвестиция ретінде бағалы қағаз бен бұйымдарды алсақ, бұдан былай көлікті де солай алатындар көбейді. Себебі, бағасы үнемі артуда.

Женгиз Томар, такси жүргізушісі:

– Инфляция әсері. Бұл жағдайдан тек мұнайы бар елдер ғана ұтады. Басқа айтарым жоқ. Табыс та азайды.