Харьковте жарылыс болып, Васильковте мұнай базасы өртенді

Харьковте газ құбырында жойқын жарылыс болып, соңы өртке ұласты.

Бұл Украинаның халық саны бойынша екінші ірі қала. Ал Васильковте мұнай базасы өртенді. Шаһар Киев түбінде орналасқан. Жергілікті билік тілсіз жауға Ресей тарапының зымыранмен атқылауы себеп болғанын хабарлайды. Алайда ресми Мәскеу оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Мамандар Васильковтегі өрттің экологиялық салдары ауыр болуы мүмкін екенін айтады. Сол себепті тұрғындарды терезелерін ашпай, тысқа шықпауды ескертеді.  

Наталья Баласинович, Васильков қаласының мэрі:

- Не болып жатқанын өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Өкінішке қарай, Крячки ауылында орналасқан мұнай базасы өртенді. Бәрі жақсы болады деп сенейік.