Түркияда Қазақстанның кезекті құрметті консулдық кеңсесі ашылды

Екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кеңсенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Түркияда Қазақстанның 7 құрметті консулы мен кеңсесі бар. Олар елдің түрлі қаласында қызмет көрсетеді. Енді тағы бірі елдің шығысында орналасқан Битлистің тарихи Ахлат қаласында ашылды. Анадолыға көшкен түріктер алғаш осы жерге табан тірепті. Сондықтан ел президенті Реджеп Тайып Ердоған да аймақты жандандырып, дәстүрлі түрде осы жерде түркінің тойын өткізеді. Бұдан бөлек Ахлат-Урартулықтар, Мұсылман Араб императорлығы, Шығыс Рим, армян және түріктердің орталығы, Османлы мемлекетінің қарашаңырағы болған.

Октай Чағатай, Битлис провинциясының губернаторы:

- Құрметті консулдықтың тарихи Ахлат шаһарында ашылуы кездейсоқ емес. Өйткені Ахлаттың да миссиясы тарихи мұраны жаңғырту. Бұл тұрғыдан құрметті консулдығымыздың ашылуы атажұрт пен Анадолыны байланыстыратын көпір болмақ.

Түріктер қазақтарды бауырымыз, ал елімізді атажұрт деп құрметтейді. Сондықтан Қазақстанның құрметті консулдығы кеңсесінің ашылу салтанатына жергілікті әкімшілік басшыларымен қоса провинция тұрғындары арнайы келіпті.

Севда Эргувен,  Битлис провинция тұрғыны:

- Қазакстанмен байланысымыз арта түсетініне қуаныштымын. Енді қазақ бауырларымыз бізге жиі келіп турады.  Біз де қолымыздан келген барлық қолдауды көрсетуге әзірміз.

Битлистің, Ахлат қаласындағы құрметті консулымыздың есімі Муаз Ергезен. Мамандығы заңгер түрік азаматы, екі ел арасындағы экономикалық- инвестициялық, мәдение- гуманитарлық, ынтымақтастықты нығайтумен қоса азаматтарымызға құқықтық қолдау көрсетуге дайыниын дейді.

Муаз Ергезен, Қазақстанның құрметті консулы:

- Мыңжылдық тарихи шаһарда арнайы қурметті консулдығымызды ашып отырмыз. Мұндағы максат, тарихи байланысымызды әрі қарай да нығайта беру. 

Ахлат Ван көлінің жағалауында орналасқан тарихи шаһар. Мың жылдық мәдени мұрасы және табиғатымен ерекшеленеді.

Меруерт Қанағат