БҰҰ Ресейдің Украинадағы әрекетіне қатысты резолюция қабылдады

БҰҰ Ресейдің Украинадағы әрекетіне қатысты резолюция қабылдады

Біріккен Ұлттары Ұйымының Бас Ассамблеясы арнайы сессия аясында Ресейдің Украинадағы әскери операциясын айыптайтын резолюция қабылдады. Оны 141 ел қолдап, 5 мемлекет қарсы дауыс берген. 35 ел қалыс қалған.

Авторы АҚШ пен Украина саналатын резолюцияда Ресейден Украинадағы әскери іс-қимылды тез арада тоқтату талап етеді. Айта кетейін, Бас Ассамблея резолюцияларының заңды күші жоқ.